«Шымкент жастар лигасы» жобасының ШАХМАТ спортынан жеңімпаздар анықталды

0
623

«Шымкент жастар лигасы» жобасы 2021 жылдың 1 наурызынан бастап («Футбол», «Волейбол», «Баскетбол») интеллектуалдық («Шахмат») спорттық ойындарынан бастау алған болатын.

Бүгін, шахматтан финалдық ойындары өтіп чемпиондар анықталды.Ойынның қорытындысы бойынша А.С.Пушкин атындағы № 1 мектеп-гимназия шәкірттері жеңімпаз атанды. № 9 мектеп-лицей 2, № 23 мектеп 3 — орынды иеленді.

– Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауындағы бұқаралық спортты дамытуға бағытталған кешенді бағдарламасын жүзеге асыру тапсырмасына сәйкес, Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында биыл алғаш рет «Шымкент Жастар Лигасы» өтіп жатыр. Шахмат әлемдегі кең таралған ойындардың бірі саналады. Шахмат адамның есте сақтау қабілетін жақсартып, қиын сұрақтарды шешіп, күрделі идеяларды ойлап табуға септігі мол. Шахмат ойынынан Шымкент қаласында да жеңісті дәстүр бар. Көптеген халықаралық додаларда Әнұранымызды шырқата білген алғашқы гроссмейстер Гүлісхан Нахбаева және Жансая Әбдімәлік Шымкент қаласының тумасы. Осы оқу жылында Қазақстанда тұңғыш рет Шымкент мектептерінде шахмат ойыны енгізілді. Сіздерге шахмат спортына қызығушылық танытқандарыңыз үшін алғысымды білдіремін және жаңа табыстар тілеймін, – деді қала әкімі.