«Талибан» қозғалысының 140 содыры жойылды

0
565

Өткен тәулікте Ауғанстан үкіметі армиясы бірқатар провинциялардағы әскери операциялар барысында «Талибан»* қозғалысының 140 содырын жойды. Бұл туралы елдің қорғаныс министрлігінің дүйсенбіде жарияланған мәлімдемесіне сілтеме жасай отырып Синьхуа агенттігі жазады.

Хабарламада Ауған әскерлері операцияларды Нангархар, Забул және Кандагар провинцияларында жүргізуде делінген. 140 жойылған содырдан басқа, 75 тәліб жарақат алды, қолдан жасалған 121 жарылғыш зат табылды және залалсыздандырылды.

Қорғаныс министрлігі үкімет армиясының жексенбі күні кешке Бағлан провинциясындағы «Талибан» қозғалысының түрмесіне шабуыл жасап, сегіз әскери қызметкерді босатқанын хабарлады.

Америка Құрама Штаттары мен НАТО 1 мамырда өз әскерлерін Ауғанстаннан ресми түрде шығара бастады, болжамды жоспарға сәйкес барлық шетелдік әскерлер 11 қыркүйекке дейін Ауғанстан территориясынан шығарылады.

Соңғы кездері Ауғанстанда шабуылдар жиі болып , қауіпсіздік жағдайы нашарлап барады.