Шымкент: Мұсылман мазарларына тазалық жасалды

0
1156

ҚМДБ-ның  «Әр аптаға бір шара» жоспары аясында Шымкент қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен қала аумағында орналасқан мазарлар мен зират орындарын күтіп-баптау мақсатында «Зират және зиярат ету мәдениеті» тазалық шарасы ұйымдастырылды.

Игі іс-шараға Шымкент қалалық әкімдіктің мамандары,  қалалық дін істері басқармасы мен қалалық ішкі саясат басқармасына қарасты ерікті жастар тобы және Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы, наиб имам Мұхамеджан Естеміров, іс басқарушы Азамат Әбдікерімұлы және Абай, әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау аудандық мешіттердің имамдары мен жамағаты қатысты.

Қала аумағындағы 36 мұсылман зиратына тазалық жүргізілді және шараға қатысқан жамағатқа имамдарымыз зиярат ету ережелері мен тәртіптерін түсіндіріп, ата-баба рухына құран бағыштап, дұға етті.

Айта кетсек, тазалық шарасына жергілікті әкімдікке қарасты «ЛТД-тұрмыс» ЖШС сынды тазалық мекемелерінің бірлік техникалары жұмылдырылды.