Түркістан: «7 бағыт» жобасы бастау алды

0
615

Түркістан облысында «7 бағыт» жобасы бастау алды. Бұл ҚМДБ 7 бағытын жүзеге асыруға бағытталған.

Алғашқы қадам Шардара ауданында жасалды. Облыс бас имамы Еркебұлан Қарақұлов бастаған топтың қатысуымен семинар, кездесулер өтті. Тақырып ақпараттық кеңістікті кеңейту, Ихсан ілімін насихаттау, діни оңалту, халал дамуды жетілдіру, жастар ісіне арналды. Бөлім жетекшілері облыс имамына есеп беріп, жобаның нәтижелі болатынына сендірді.

Жоба аясында жұмыс тобы барлық аудандарды аралайды. Арнайы бағдарлама түзіліп, жоспар бекітілді.