Ғаламторда діни білім алудың қауіптілігі

0
1009

Қазіргі таңдағ ғаламтор арқылы адамдар кез-келген уақытта және қай жерде болмасын, қалаған мәліметіне қол жеткізе алады.
Өкініштісі, ғаламтор пайдалану мүмкіншлігі елімізде пайда болғаннан бастап, халқымыз, әсіресе жастарымыз мазалаған сұрақтарына жауапты кітаптан іздемей, түсіндіретін ғалымдардың кітаптары мен еңбектері қажетсіз болып отыр.

Еліміздегі «Қазақстан Мұсылмандар Діни Басқармасына» қарасты мешіт, медересе сияқты білім ордаларында оқымай, білім алмай ғаламторға жүгінетіндері баршылық.
Алайда абай болмасақ ғаламтор уақытымызды босқа кетіруі, жалған мәлімет беруі, діни экстремизмге, тіпті азғындыққа итермелеуі мүмкін екені жасырын емес.

Ғаламтор белгісіз виртуалды шейхтердің, құзырсыз радикалдық топ басшыларының үндеулеріне, өз білімсіздігі, фанатизмдері мен ой-пікірлеріне толы. Қандай мәлімет болсын, діни білімі болмаса, алып жатқанды сараптай алмай, дұрыс бұрысын ажырата білмейтін халде болады.

Жастарымыз ғаламторды білім негізі деп алса, соның салдарынан теріс мәліметтерге тап болып, психологиялық өзгерістерге ұшырайды. Экстремистік сайттар адам санасын улап, отбасы мүшелерінен теріс айналуға себепкер болып, өз идеологиясын таратып жатады.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» атты кітабында: «Біз бұқара санасындағы діншілдіктің артуына әзір болуымыз керек, онда тұрған қатерлі ештеңе жоқ. Жалпы дін өздігінен өнегелі ақиқаттан бөтен ештеңе үйретпейді. Жалғыз-ақ, бізге қауіп төндіретіні діни біліміміздің деңгейі онша жоғары болмай отырғаны», -дейді.

Ғаламтордан қандайда діни сайттарды кездестірсеңіз, бірден қабылдамай, ол сайттың сенімділігіне, жазылған мәліметтердің қаншалықты дұрыс, растылығына көз жеткізіңіз. Олай болмаған жағдайда, зиянды ақпараттардың арты өкініш пен қайғыға ұласады.

Оған дәлел ретінде шет елдерде діни білім алғандардың жағдайлары, деструктивті діни ағым жақтаушы азматтардың баршылығы, қандастарымыздың Сириядағы жағдайларын т.б. айтсақ болады.

Алды бас бостандықтарынан айырылса, кейбірі зайырлы қоғамнан алыстап, дәстүрлі құндылықтардан ұзақтап, психологиялық тұрғыдан әбден шаршаған.

Мысал ретінде айтар болсақ: 2019 жылы «Жусан» операциясы аясында террорлық аймақтардан елге оралған азаматшалар мен балаларын айтуға болады. Олардың көрген азаптарын сөзбен жеткізу мүмкін емес.

Кез-елген мәліметті , әсіресе дін тақырыбындағы мақалаларды оқығанда төмендегі мәселелерге назар аударыңыз:
— Осы мәліметтің авторы кім?
— Оған сенім артуға бола ма?
— Мәлімет не мақсатпен жарияланды?
— Мәліметтің мазмұнымен бірден келісе салмаңыз!
— Ол мәселеге бір жақты қарап отырған жоқ па?
— Автор мәліметті қайдан алған?
— Бұл ескіріп қалған мәлімет емес пе?
— Мақалада негізге алынған ғалымдар?

Бүгінде, Дін істері басқармасына қарасты «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ тарапынан «YouTube» видеопорталында, «Вконтакте», «Одноклассники» әлеуметтік желілері мен интернет сайттардағы діни материалдарға (қазақша, орысша, өзбекше) діни экстремизм мен терроризмді насихаттау фактілерін анықтау және тиісті шара қолдану мақсатында мониторинг жұмыстары күнделікті жүргізілуде.

Анықталған «Вконтакте» әлеуметтік желісінде деструктивті діни ағымы қауымдастықтарына тіркелушілерге басқарма тарапынан ескерту хабарламалары жолданып, нәтижесінде азаматтар қауымдастықтардан бас тартуда.
Сондай-ақ, зерделеу жұмыстары барысында деструктивті діни ағымы қауымдастықтарына тіркелген азаматтардың мүлдем дінге қатыстылығы жоқ.

Бұл азаматтар, ғаламтор арқылы келіп түсетін түрлі жарнамаларды көру арқылы, аталған діни қауымдастықтарға тіркелгендіктерін өздері білмеуде.

Ендеше, ғаламторды шектен тыс қолданып, шырмауына байланып, оған тәуелді болып кетуден аулақ болайық.

Шымкент қаласы дін істері
басқармасының басшысы
Әлжан Тұяқбаев