Діни экстремизмнің алдын алу шеңберінде іс-шаралар өтті

0
753

2021 жылғы 17-18 маусымда Қарағанды облысында республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының (РАТТ) мамандары Халықтың дінтану сауаттылығын арттыру және қоғамда дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру мен діни экстремизмнің алдын алу шеңберінде жергілікті тұрғындармен бірқатар іс-шаралар мен кездесулер өткізді.

РАТТ жұмысына білікті теологтар, дінтанушылар және психологтар –  М.Қайргалиев., Г.Раздықова., И.Бердалиев., Р.Сыздықов тартылды. Сондай-ақ өкізілген жұмысқа Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің өкілі Е.Кенжехан қатысты.

РАТТ мүшелері Қарабас кентінің тұрғындарымен, Топар кентінің жастарымен және «ҚР Ішкі істер министрлігі көліктегі полиция департаментінің Қарағанды-сұрыптау станциясындағы полицияның желілік бөлімі» ММ -ің құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен сондай-ақ, Қарағанды облысының полиция департаментінің қызметкерлерімен, Қарағанды қ. АК-159/18 сотталған азаматтармен жалпы профилактикалық жұмыс  және т.б. кездесулер өткізді. Осы іс-шараларға 290 – ға жуық адам қатысты. Іс-шаралар карантиндік талаптарға сай қадағаланып жүргізілді.

Өткізілген іс-шаралар барысында өңірлер тұрғындарына Қазақстанда тұратын барлық конфессиялар мен этностардың бейбіт өзара іс-қимылы мен қатар өмір сүруіне, Қазақстан халқының мәдениеті мен рухани мұрасына, деструктивті жалған діни және радикалды идеялардың зияндылығына бағытталған дін саласындағы мемлекеттік саясаттың мәні туралы ақпарат берілді.

Сонымен қатар, дін саласындағы өзекті мәселелер, өскелең ұрпақ арасында дәстүрлі діни сананы қалыптастырудағы тиімді және жүйелі жұмыс бойынша жаңа әдістер, идеялар мен ұсыныстар, сондай-ақ діни сауаттылықты арттыру, жастармен жұмыс кезінде тәжірибе және арнайы дағдылар алмасу мәселелері талқыланды.