Діни басқарманың өкілдері сау адамға чип енгізуге түбегейлі қарсы

0
477

Ресей Федерациясының Мұсылмандар діни басқармасының өкілдері сау адамға чип енгізуге түбегейлі қарсы. Бұл жайында islam.kz порталы islamnews.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.

РФ МДБ төрағасының орынбасары, Мәскеу мүфтилерінің бірі Рушан Әбиясов «Жаңалықтар» ақпарат агенттігіне берген сұхбатында талма немесе Паркинсон секілді дерті жоқ жандарға чип орнатуға қарсы екенін айта келе мұндай процедураның науқасқа көмегін тигізсе ғана қолдауға болатынын жеткізді. Өзге жағдайларда, соның ішінде адамды «мінсіз» ету мақсатында мұндпай процедураның жүзеге асырылуына қарсы.