Қостанай облысының бас имамы Бақытбек Тәжімбет облыс орталығынан шалғай жатқан Қамысты, Денисов аудандары мен Лисаков қаласында болды.
Сапар барысында бас имам аталмыш аудандардағы мешіттердің тыныс-тіршілігімен жан-жақты танысты. Олардың алдында тұрған өзекті мәселелер жайлы әңгімеледі. Алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарға ерекше назар аударды.
Мешіттердің қысқа дайындық жұмыстары мен ішкі ахуалы туралы жамағаттан сұрастырып білді. Өңірдегі мешіт имамдары жүзеге асырылып жатқан игілікті істер жайлы баяндады