ШЫМКЕНТТЕ 7/24 ІСТЕЙТІН ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

0
1623

Ем емімен, оңалтудың орны бөлек.Ауруханаға адам не үшін түседі? Жанын сақтап қалу үшін түседі. Әсіресе инфаркт пен инсульт алған науқастардың жаны қалған соң, өмір сапасын қалпына келтіру үшін Оңалту орталықтарында айлап жаттығу жасап, ем-дом алуға тиіс. Қала әкімі Мұрат Әйтенов халыққа есеп бергенде #1 приоритет адам капиталын дамыту екенін айтқан болатын. Осы бағытта денсаулық сақтау саласындағы көп істің бірі — оңалту орталықтары желісін қалыптастыру бойынша бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр. Бұл салаға жеке инвесторлар жол салды. Шымкент қаласында Елорда күні мерекесіне орай 120 төсек-орны бар “Виктория” оңалту орталығын аштық. Орталық неврология, нейрохирургия, ортопедия, травматология бағытында оңалтумен айналысады.Орталықтағы медициналық көмек міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру көмегі шеңберінде тегін көрсетілетін болады. Сондай-ақ мұнда медицина қызметкерлері үшін 120 жұмыс орны ашылды.