«АДАСҚАНДАР» «ДЖИХАД» әлеуметтік қойылымы сахнада

0
365

Шымкент қаласы Дін істері басқармасының тапсырысы бойынша 2023 жылдың 15 ақпанында Қаратау ауданы Шымкент қалалық өзбек драма театрында Қаратау ауданы, Сайрам тұрғын алабында орналасқан 8-11 сынып оқушылары, ата-аналары және жергілікті тұрғындар назарына Ж.Сайитовтың «Адасқандар» «Джихад» әлеуметтік драмасы сахналанды.Іс-шараның мақсаты — Шымкент қаласының Дін істері басқармасы қала тұрғындары арасында радикалды діни идеалогиясына қарсы иммунитетті қалыптастыру үшін ақпараттық түсіндірме жұмыстарын өткізу болып табылады. Оқиғаның бас кейіпкері Жомарт-дұрыс жолдан адасқан жігіт. Бұл спектакль нақты оқиғаларға негізделген. Оның жақын досы Расул өмірінде болған оқиғалар туралы айтады. Жомарт тәрбиели отбасында өсіп, ер жетіп отбасылы болады. Уақыт өтіп, Жомарт тез өзгереді. Ол интернеттегі күмәнді діни уағыздарды көп тыңдайды және мешіттегі имамдарға қарсы әрекет ете бастайды. Оның әкесі Мамуд ата ұлының деструктивті діни ағымдарға қосылғанын сезіп, ұлының досы Расулдан көмек сұрап, дұрыс емес жолдан тайуы керек дейді.«Адасқандар» әлеуметтік драмасы қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірін ашады.