Саудия умраға рұқсат берді

0
47

10 тамыздан бастап шетелдік азаматтар кіші қажылықтарын өтей алады. Сауд Арабиясының билігі атап өткендей, коронавирусқа байланысты қабылданған барлық қажетті талаптарды сақтай отырып, умра жасауға рұқсат берілмек.

Қасиетті жерге келіп, құлшылықтарын жасағысы келетін өзге елдің мұсылмандары Саудияда ресми рұқсат етілген Pfizer, Moderna, Johnson&Johnson, AstraZeneca екпелерін алған болуы немесе ПТР-тесті теріс болуы тиіс. Вакцина алмаған адамдар алдымен карантинде жатып, сосын қайтадан ПТР-тест тапсырады.

Қазіргі күні кіші қажылық маусымы қарсаңында әл-Харам мешітінде дезинфекция жұмыстары жүргізілуде.

Айта кетсек, биыл үлкен қажылық құлшылығын тек Саудияның азаматтары ғана өтей алды. Пандемияға байланысты ел билігі өзге елдің мұсылмандарын қабылдауға тыйым салды.