Талдықорған: Жастарға арналған онлайн семинар өтті

0
585

Талдықорған өңірі өкілдігіне қарасты Жастар ісі секторның ұйымдастырумен орталық «Иман» мешітінде «Жалынды жастар – ел болашағы» тақырыбында онлайн форматта семинар өтті.

Халықаралық жастар күніне орай ұйымдастырылған семинар мақсаты – жастардың ішкі потенциал мен шығармашылық қабілеттерін арттыру және өзін-өзі дамытуға алғышарттар беру, сондай-ақ жастар арасында ихсан ілімін насихаттау.

Семинарға Талдықорған өңірінің бас имамы Алмас Сағидоллаұлы, ҚМДБ Жастар ісі секторының меңгерушісі Әділет Көпен, Алматы облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Ұлан Боранбайұлы, аймақтық Жастар ісі секторының меңгерушісі Ерлан Кеңесбекұлы қатысты.

Алдымен, бас имам Алмас Сағидоллаұлы сөз алып, жастарды құттықтап, тәрбиелік бағытында насихат айтты. Бұдан кейін Жастар ісі секторының меңгерушісі Әділет Рахымұлы Исламдағы өзін-өзі дамытудың практикалық нұсқаулықтарына кеңінен тоқталса, Ұлан Боранбайұлы жастарға мемлекеттік бағдарламалар жайлы ақыл-ойларын айтып, тілге тиек етті. Ал Ерлан Кеңесбекұлы мотивациялық ойларымен бөлісті. 

Айта кетейік, семинарға ZOOM платформасында 120-ға жуық жас-жеткіншек қатысты.