Ақтөбе: Хромтау ауданына сапар

0
575

Ақтөбе облысының бас имамы Серікжан қажы Еншібайұлының сапары Хромтау ауданында жалғасты.

Бас имам Хромтау ауданының әкімі Азамат Бауыржанұлының қабылдауында болып, жергілікті діни ахуалдың жай-күйімен танысып, өңірдегі дін қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайын қозғады.

Одан кейін аудандағы мешіттердің ішкі-сыртқы жұмыстарымен танысып, қысқа дайындық жұмыстары туралы пысықтап, күн тәртібіндегі мешіт істеріне қатысты маңызды мәселелерге тоқталды. Сонымен қатар жаңадан салынып жатқан мешіттің асхана құрылысымен танысты.

Одан өзге Бас имам Хромтау ауданы бойынша Сауда Арабиясында біліп жатқан екі азаматтың ата-аналарымен кездесіп, шетелдегі тыйым салынған діни ілімді алудың зардабы туралы баяндап, оларды елге оралту мәселесін көтеріп, еліміздегі Нұр-Мүбарак секілді оқу ордаларында білім алу жайында айтты. Одан өзге ата-аналарға теріс ағымның алдын алуға қатысты бірқатар нұсқаулықтар берді.

Сапар қортындысында Серікжан Еншібайұлы мешіт жамағатымен жүздесіп, «Ислам дінінің негізгі мақсаты» тақырыбында уағыз-насихат айтты. Жамағаттың жат ағымның алдын алу мәселері, дін мен салт-дәстүр құндылығы, отаншылдық, вакцина туралы сұрақтарына жауап берді.