ШЫМКЕНТТЕ ДІН ӨКІЛДЕРІНЕН ЕРІКТІ САҚШЫЛАР ЖАСАҒЫ ҚҰРЫЛДЫ

0
376

Шымкентте 500-ге жуық ерікті азамат қаладағы қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етуге өз үлестерін қосып жатыр. Мегаполисте тұрғындар, белсенділер, танымал спортшылар мен спорт мектептерінің ұстаздары, дін өкілдері және өзге де сала мамандарынан құралған «Халық сақшылары» деп аталатын жасақ құрылды.

Олар тәртіп сақшыларына қолдау көрсетіп жатыр. Мемлекеттік маңызы бар нысандарды, кәсіпорындарды күзетуге көмектесуде. Азаматтар елді лаңкестерден қорғау үшін тұрғындарды бірлікке үндеп, күш біріктіруге шақырды.
Дыни өкілдері бірнеше күннен бері түнгі және күндізгі уақытта халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде мыңдаған жастарымыз арандатушылардың арбауына түспеді.

Ел аман жұрт тыныш болсын ағайын!