Шымкент: Сауат ашу орталығы ашылады

0
549

Шымкент қаласындағы «Жанқожа» мешіті жанынан 40 орындық діни сауат ашу орталығының іргетасы қаланды.

Игі шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы,  дінтанушы Мұхамеджан Естеміров,  Қаратау аудандық мешітінің бас имамы Дастан Желеуов, «Жанқожа» мешітінің имамы Асылбек қажы Әбдіхалықов және Ақсақалдар алқасының мүшелері қатысты.

Шара барысында шаһардың бас имамы Жіни басқарманың жеті бағыт бойынша атқарып жатқан жұмыстарын таныстыра келе, діни сауат ашу бағытының маңыздылығына айрықша тоқталды.

Айта кетейік, келешекте «Жанқожа» атындағы діни сауат ашу орталығында 40 шәкірт тәлім алады. Орталықта жатын орны, асхана, шағын спорт залы т.б. болады.