ҚАЙ ӨҢІРЛЕРДЕ ЖҰМА НАМАЗЫ ОҚЫЛАДЫ?

0
195

Еліміздегі пандемия жағдайына байланысты жергілікті бас санитар дәрігердің қаулысына сәйкес республиканың кей өңірлерінде Жұма намазы уақытша тоқтап тұр. Әйтсе де бұл Қазақстанның ешбір аймағында Жұма намазы атқарылмай жүр дегенді білдірмейді.

ҚМДБ Орталық аппараты, ресми сайт пен әлеуметтік желідегі парақшаларына аптаның орта тұсында «Жұма намазы оқыла ма?» деген сауалмен хабарласушылардың қарасы қалың. Тіпті Діни ақпарат беру орталығының (Call орталық) 8 71 72 33 30 30 нөміріне бейсенбі-жұма күндері хабарласушылардың басым көбі қасиетті күні атқарылатын намаздың өтетін-өтпейтінін сұрайды.

Осы орайда еліміздің қай өңірлерінде 27 тамыз күні Жұма намазы қай өңірлерде оқылатыны және оқылмайтыны жөнінде жамағатты құлағдар етуді жөн санап отырмыз. ҚМДБ-ға қарасты 19 өкілдік болса, соның тек 5-уінде ғана жұма намазын оқу уақытша тоқтатылған. Ал қалған өңірлерде жұма намазы мешіт ауласында атқарылып келеді. Сондай-ақ елімізде карантин күшейтілген күндердің өзінде Жұма, жамағат намаздары оқылмай қалса да, мешіттерде бес уақыт намазға азан айту үзілген емес.

Мешітке келуші жамағаттан санитарлық талаптарды ескеріп, бетперде тағып келуді, антисептик пайдалануды және пандемия жағдайына байланысты бекітілген ережелерге түсіністік танытуларын сұраймыз. Алла Тағала жеңілдік беріп, ғибадат-құлшылығымызды қабыл еткей!Жұма намазы 27.08.2021

1Нұр-Сұлтан қаласыоқылмайды
2Алматы қаласыоқылмайды
3Шымкент қаласыоқылмайды
4Алматы аймағымешіт ауласында оқылады
5ШҚОмешіт ауласында оқылады
6Қарағанды облысыоқылмайды
7Атырау облысымешіт ауласында оқылады
8СҚОмешіт ауласында оқылады
9Ақмола облысымешіт ауласында оқылады
10Ақтөбе облысымешіт ауласында оқылады
11БҚОоқылады
12Маңғыстау облысымешіт ауласында оқылады
13Түркістан облысымешіт ауласында оқылады
14Павлодар облысымешіт ауласында оқылады
15Семей аймағымешіт ауласында оқылады
16Талдықорған аймағымешіт ауласында оқылады
17Қызылорда облысымешіт ауласында оқылады
18Жамбыл облысыоқылмайды
19Қостанай облысымешіт ауласында оқылады