ДІН БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ

0
637

Бүгін колледжімізде Шымкент қаласының дін істері басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес, «Діни экстремизмнің алдын алу және діни сергектік» тақырыбында студенттермен кездесу өтті. Кездеуге Шымкент қаласының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы С.Тілләбек және Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкері Р.Кыпшакбаевтар қатысып, діни экстремизмнің негізгі қауіптерін, олардың шығу тарихына тоқталып, олардың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында студенттер көкей кесті сұрақтарына тұшымды жауаптар алды.