Нұр-Сұлтан: 1000 оқушыға қуаныш сыйлады

0
525

Нұр-Сұлтан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде «Мектепке жол – 2021» қайырымдылық шарасы өтті.

Қаладағы 12 мешіт бойынша қайырымдылық шарасының ауқымы 1000-ға жуық отбасыны қамтып, осынша оқушыға қажетті құрал-жабдықтар толтырылған мектеп сөмкесі таратылды.

Карантин шектеулеріне байланысты мешіт қызметкерлері мен ерікті жамағат мектеп сөмкелерін өтініш білдірген жандардың үйіне дейін жеткізіп берді.

Шара барысында Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов қайырымдылық акциясына атсалысқан барша жандарға алғыс білдірді.