Елордада 1500 отбасыға ауызашар қоржыны таратылды

0
810

Қасиетті Рамазан айының алғашқы күні елорда мешіттері 1500 отбасыға ауызашар қоржындарын жеткізіп берді.

Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде басталған «Рамазан шуағы: Ауызашар қоржындарын тарату» шарасы жөнінде Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов мәлімдеді.

Демеуші азаматтардың, жанашыр жамағаттың атсалысуымен қаладағы 12 мешіт рамазан айы бойы күн сайын осы көлемдегі ауызашар қоржындарын мұқтаж жандардың мекенжайларына жеткізіп отырмақ.

Рамазан айының алғашқы күні екінті намазынан соң «Әзірет Сұлтан» мешітінде арнайы басқосу өтіп, бас имам Ерболат Жүсіпов еріктілер тобына ақ батасын арнап, сауапты іске сәттілік тіледі.

Арнайы аппақ қорапшамен қапталған ауызашар қоржындарында екі түрлі ыстық тамақ, сусын, салат және түрлі жемістер салынған.