«Қара тізімдегі» кезбе

0
94

Маңғыстау тұрғыны Серік осыдан 30 жыл бұрын қырлы стақанмен «сырласып», түбі жоқ құдыққа құлаған. Ақыры ақылын арақ жеңіп, шаңырағы шайқалды. Дертіне ем іздеп көше кезген шағында оған кезіккен «Таблиғи жамағат» ұйымының дағуатшылары еді. Кейін Серік елімізде экстремистік топ деп танылған ұйымның белді мүшесі болғаны үшін өмірінің 4 жылын абақтыда өткізді.