ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ ШЫҢҒЫС МҰҚАН ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

0
785

Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары, Гарвард университетінің түлегі, қоғам қайраткері Шыңғыс Мұқан мегаполистегі белсенді жастармен бейресми кездесу өткізді. Басқосуға Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Бексұлтан Әділханов пен жас кәсіпкерлер, спортшылар, қалалық жастар мәслихатының депутаттары, ақындар мен студенттер, оқушылар жиналды. Қаратау аудандық жастар ресурстық орталығының бөлімшесінде өткен кездесуде кеш қонағы жастармен бүгінгі қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылады. Басқосуда үшінші мегаполистің жастарының жеткен жетістіктері мен шешуді қажет ететін түйіткілдер әңгіме арқауына айналды.Жиында Шыңғыс Жұмабекұлы мамандық таңдау, шетелде оқу мен өз өмір жолдарында кездескен қиындықтар туралы ой қозғады. Спикер жастар алдында жеке өмірін де жасырмады. Бейресми кездесуге келген өскелең ұрпақ өкілдері кеш қонағына емін-еркін сұрақтарын қойып, көкейлерінде жүрген ойлары мен ұсыныстарын айтты. Шыңғыс Мұқан жастарға елдегі соңғы оқиғалардан үнемі хабардар болып, қоғамда белсенді болу керектігін жеткізді. Сондай-ақ, өзін-өзі үнемі жетілдіру қажеттігін еске салды.

А. ЖӘДІГЕРҰЛЫ