Меморандумға қол қойылды

0
1730

Шымкент қаласына іс-сапармен Нұр-сұлтан қаласының діндерді зерттеу орталығының директоры Тайпин Мади Шойынбекұлы келіп, Шымкент қаласының дін мәселелерін зерттеу орталығының директоры Амангелдиев Балталы Шәжалиұлымен бірлесіп, екі орталық арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Меморандумға сәйкес, орталықтар діни ахуалды зерттеп, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, өзара тәжірибе алмасып және қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру саласында бірлесе жұмыс атқаратын болады.

Орталық қызметкерлерімен өткен бұл  кездесуге Нұр-сұлтан  қалалық діндерді зерттеу орталығының оңалту және бейімдеу бөлімінің басшысы Жанбота Жолдасұлы Қарашолақов, Шымкент қаласы дін мәселелерін зерттеу орталығы директорының орынбасары Аружан Абдазімқызы Атымтаева қатысты.

Әріптестікті нығайту мақсатында өткен кездесу қорытындысы бойынша тараптар бірлескен қызметті нығайтудың негізгі тұстарын белгілеп, өзара ынтымақтастық шеңберін анықтады.