«ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІНІ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ» АТТЫ СЕМИНАР-ДӘРІС ӨТКІЗІЛДІ

0
865

Бүгінгі күнніңталабына сәйкес,ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігі әлеуметтік желіні тиімді пайдалану мақсатында тұңғыш рет «Әлеуметтік желіні тиімді пайдалану жолдары» атты семинар-дәріс өткізілді.

Тұңғыш ұймдастырылған шараны Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлы ашып, жүргізіп отырды. Игі шараға қаладағы барлық аудан мешіт имамдары, діни оңалту,  Жастар ісі мен «Әйел-қыздар» секторының және ЖАНТ мүшелері түгел қатысты.

Семинар барысында қалалық мешіттің іс басқарушысы әрі әлеуметтік желі бағытының жетекшісі Азамат Әбдікерімұлы сайт жұмысы, әлемеуттік желіліні пайдалануда бірқатар заңдылықтарға тоқалып,  арнайы баяндама оқыды.

Жоғары деңгейде ұйымдастырылған шара барысында барлық имадарға ҚМДБ-ның әлеуметтік желіні пайдалану жөніндегі әдебі мен талаптары түсіндірілді. 

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі