Шымкентті тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы әрі қауіпсіз қала ету мақсатында жыл сайын көшелерге және көп қабатты тұрғын үйлерге қойылып жатқан бейнебақылау камераларының саны артып келеді. Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов «Ońtústik» телеарнасының «Әкім сағаты» бағдарламасында қалаға өткен жылы 3 153 камера, биыл 3 177 камера қойылғанын айтты. Оның ішінде 4 441-і қоғамдық қауіпсіздікті сақтауға, 1889-ы жол қауіпсіздігіне бағытталған. Олардың барлығы Полиция департаментіне қарасты жедел басқару орталығы арқылы басқарылады.Жедел басқару орталығының техникалық базасы да жаңартылды. Нәтижесінде камераларды шолу 3 есеге артты. Сергек камераларына қарайтын 32 автоматтандырылған жаңа жұмыс орны құрылды. Бейнеқабырғаларға бұрын екі жүйе қосылған болса, енді олардың саны 8-ге өсті, яғни әлеуметтік нысандар, сергек, GPS карталар, пелко, ИНТЕГРА-С қосылды. Тәртіп, тазалық пен жол ережесін сақтау, жалпы қауіпсіздігіміз үшін камералардың маңызы орасан зор.Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Соңғы жазбалар
ШЫМКЕНТ: ҚАЛАНЫҢ БАС ИНФЕКЦИОНИСТІ КОВИДТЕН КӨЗ ЖҰМҒАН НАУҚАСТАРДЫҢ КӨБЕЮ СЕБЕБІН ТҮСІНДІРІП БЕРДІ
Бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында ковид орталықтарындағы науқастардың жағдайы мен жедел жәрдем қызметіндегі ахуал туралы баспасөз мәжілісі өтті. Шараға Шымкент қалалық жұқпалы аурулар...
«Ақниет» ҚҚ психологы «ЗК-169/5 мекемесі» РММ түзеу мекемесінде сотталған діндарларға арналған тренинг өткізді
Қызылорда облысындағы «Ақниет» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы» ҚҚ өкілдігінің психолог-кеңесшісі Аяғанова Алмагүл Жанділдақызы «Өңірлердегі түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тетіктерін...
«СӘЛӘФИЗМ ҰЙЫМ ЕМЕС — ОЛ ДІНИ АҒЫМ. КӨЗҚАРАСТАР ЖҮЙЕСІ» АРЫН САБЫРЖАН ИМАМ
https://www.youtube.com/watch?v=dhGAXqaiXYY&feature=emb_title
Патриотичность и человечность
Примеры
заботы о близких, родственниках, наконец, о своём народе встречаются в
Священном Писании и Предании Церкви неоднократно.
Со времен
Ветхого...
АТЫРАУДАН АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫА 8 ТОННА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖӨНЕЛТІЛДІ
29 наурыз күні атыраулық еріктілер «Күшіміз – бірлікте» акциясын бастаған болатын. Тасқын судан зардап шегіп жатқан көршілес Ақтөбе...