Қоршаған орта ауасын тазартатын автокөлік құрастырылды

0
537
Қоршаған орта ауасын тазартатын автокөлік құрастырылды

Mercedes компаниясы жүрген кезінде айналасындағы ауаны тазартатын Sustaineer фургон автокөлігін жұртшылық назарына ұсынды. Бұл жайында islam.kz порталы lenta.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш экологиялық көлік құралы электр қозғалтқышпен жабдықталғандықтан атмосфераға көмір қышқыл газын бөлмейді. Ол ол ма, Sustaineer қоғғалған кезде айналасындағы ауаны тазартып жүретін болады. Аталған автоконцерннің есебінде айтылғандай, автофургон радиатор маңында орналасқан тазалаушы сүзгімен жабдықталған. Бұдан бөлек, машинаның шатыры күн батареясымен жабылған. Sustaineer-дің баяу тозатын және шаң-тозаңды азайтатын керамикалық қапталған шойын дискілі тежегіштері бар. Ал салоны өңделген материалдармен қапталған. Ішінде табиғи күн сәулесіне сәйкес келетін «биологиялық белсенді» жарық шашатын құрылғы бар. Бұған қоса, автокөлік жолдағы кедергілер мен қауіптерді жүргізушіге ескертіп отыратын, яғни, жол сапасын қадағалайтын жүйе орнатылған.