БАС ИМАМ БАСПАНА КІЛТІН ТАБЫС ЕТТІ

0
513

Бүгін, ҚМДБ-ның Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы «Исамиддин баба» мешітінің ұйытқы болуымен «Ел үлесі – пәтерге» акциясы ұйымдастырылып, №461-ші үйдің кілтін табыстау шарасы өтті.

Игі шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Абдрахманов арнайы қатысып, асыраушы жоқ, жалғызбасты анаға баспана кілтін табыс етіп, құтты болсын айтты.

Шараға қалалық Зекет және қайырымдылық қоры мен «Исамиддин баба» мешітінің бас имамы Ербосын қажы Орын мұрындық болды. Осы игі шараға қаржылай қолдау білдірген барша азаматтарға Алла разы болсын!

Шара барысында «Исамиддин баба» мешітінде қасиетті Мәуліт айының құрметіне дастархан жайылып, ас берілді.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі