ӘЛ-ФАРАБИДЕ 100 ҚОҚЫС КОНТЕЙНЕРІ ЖАҢАРДЫ

0
597

Әл-Фараби ауданының 192 қоқыс алаңындағы 749 контейнердегі тұрмыстық қалдықтарды 3 мердігер мекеме тасымалдайды. Аудан әкімі 9 айлық есебінде тазалық шараларының атқарылуы туралы айтты. Тұрмыстық қалдықтар кесте бойынша тәулігіне 1 рет, халық тығыз шоғырланған аумақтарда 2 реттен тазартылуда. Мердігерлер тарапынан биыл 100 қоқыс контейнері жаңартылды. Аудан тұрғындары арасында тазалық мәдениетін қалыптастыру мақсатында, барлық қоқыс алаңшаларға ескертпе белгілері жазылған арнайы нұсқама тақтайшалар ілінген. Аудан әкімдігі полиция қызметкерлерімен бірлесе белгіленбеген орындарға қоқыс тастау бойынша 43 рейдтік шара ұйымдастырып, 217 айыппұл хаттамалары толтырылды.Көктемнен бері ауданда 35 рет сенбілік ұйымдастырылып, оған 50 мыңнан астам тұрғын, 100-ге жуық техника жұмылдырылған. Сенбілікте 5000-ға жуық ағаш көшеттері отырғызылып, 945 м3 күл-қоқыс шығарылды. Бұл жұмыстар аудан аумағында тұрақты түрде, әр сенбіде өткізілуде.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі