«Білім беру процесіне және жұмыспен қамтуға тартылмаған жастарды әлеуметтендіру жөніндегі шараларды әзірлеу және іске асыру жобасы аясында Шымкент қаласында «NEET санатындағы жастарды әлеуметтендіру: білім және еңбек» TEDx форматындағы кездесу өтті.

0
548

Кездесу барысында жастарға арналған мүмкіндіктер, салауатты өмір салты мен әлеуметтік белсенділік, жас кәсіпкерлерді қолдау, арт, PR және медиа-менеджмент туралы айтылды.

«Nur Otan» партиясы елдің болашағы мен қозғаушы күші саналатын жастарды қолдап, қоғам өміріне белсене араласуына мүмкіндік жасайды.

Шымкент қаласында 14-29 жас аралығында 239 986 жас бар. Бұл қала халқының 22,3% құрайды. Статистика мәліметтері бойынша қыркүйек айына жұмыс істемейтін, оқымайтын және жұмыс табуға тырыспайтын жастар үлесі 7,3% яғни 16 207 жасты құрады. Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,9% бұл дегеніміз, 3 400 жасты құрап, 2020 жылмен салыстырғанда 0,1% кеміді.

Бүгінгі таңда қаламыздың ірі базарларында еш жерге тіркелмей жалдамалы немесе белгілі бір жұмыс жасайтын жастармен байланыс орнату, олардың арасында жұмыстарды жүйелендіру мақсатында «Жастар ұйымын» ашу шаралары ұйымдастырылуда. Ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізу кезінде Жастар ұйымының көмегімен 2 325 жастардың тізімі жасақталып, жұмыспен қамту шаралары, құқықтық кеңес беру, мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Ағымдағы жылдың шілде айынан бастап «Жастардан жастарға ақпараттық керуен» жобасы жүзеге асырылды. Қаламыздың 15 шалғай аудан жастарын қамтып үлгерді.Кәсіпкерлікпен айналысып жүрген 11 жастың құжаттарын рәсімдеуге сүйемелдеу шаралары атқарылып, 65 жастың құжаттарын тұрғын үйге кезекке тіркеуге көмек көрсетілді және 48 жасқа бос жұмыс орындарына жолдама берілді.

Бұл өткен жылдармен салыстырғанда жұмыссыздықтың алдын алу бағытында ең ұтымды атқарылған шаралардың жемісі. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табатын болады.