Дін мамандарына арналған үш күндік семинар өтті

0
225

Дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу бойынша дайындықтан өткізу мақсатында Шымкент орталық мешітінде имамдар мен теолог мамандарына арналған үш күндік семинар өтті.

«Дін саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру» деп аталатын семинарды Шымкент қалалық дін істері басқармасының басшысы Әлжан Тұяқбаев және Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлы ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Бірлескен шара барысында белгілі дінтанушы Нұрсұлтан Мамедалиев, Ұлықбек Әлиакбарұлы, Мәди Бесбаевтар үш күн бойы дәріс оқыды. Семинарға дін істері басқармасының мамандары мен мешіт имамдары, ҚМДБ Діни оңалту, Жастар ісі, Әйел-қыздар секторларының өкілдері мен ЖАНТ мүшелері түгел қатысты.

Жоғары деңгейде ұйымдастырылған шара барысында барлық қатысушыларға сертификат табысталды.