МЕШІТ ШӘКІРТТЕРІ «ТЕМІР АДАММЕН» КЕЗДЕСТІ

0
170

Елорда төріндегі «Әзірет Сұлтан» мешітінде «Имани жаз-2023» жазғы сауат ашу курсының шәкірттері қазақ еліне танымал спортшы, рекордсмен, армрестлингтен халықаралық деңгейдегі спорт шебері, Азия чемпионы, Бауыржан Момышұлы атындағы «Намыс» төсбелгісінің иегері Тимур Спатаевпен кездесті.

Жұрт арасында «темір адам» деген лақап атпен танылған спортшы балаларға өнерін көрсетіп, бүлдіршіндерді де ортаға шығарды. Оларға жаттығу жасатып, спортпен шұғылдануға шақырды. Сондай-ақ, спорт шебері олардың жаттаған сүрелерін тыңдап, қыз балаларды құрметтеуге, Отанды сүюге насихаттады. Құран аяттарымен басталған жиында Тимур Спатаев рухты өлеңдер оқып, патриоттық сезімді оятты.

Балалар шақырылған қонақтың қара күшпен көрсеткен өнеріне сүйсініп қызығушылық білдірді. Жиын соңында арнайы шақырылған қонаққа  мешіт наиб имамы Тамирлан Дарханұлы «Әзірет Сұлтан» мешітінің атынан Құран мұқабасы сыйға тартты.