Меморандумға қол қойылды

0
721

Қазақстан Мұсылмандар Діни Басқармасы Шымкент қаласының бас имамы Абдурахманов Бакдаулет Нурматулы және Шымкент қаласының  дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ директоры  Амангельдиев Балталы Шажалиұлымен бірлесіп, екі тарап арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Меморандумға сәйкес діни ахуалды дамытуға, деструктивті діни ағымдар идеологиясының ықпалына түскен адамдарды оңалту және бейімдеу жөніндегі міндеттерді іске асыруға, сондай-ақ орталықтардың Әкімшілік жұмысын ұйымдастыруға қатысты бірқатар мәселелер талқыланды.Әріптестікті нығайту мақсатында өткен кездесу қорытындысы бойынша тараптар бірлескен қызметті нығайтудың негізгі тұстарын белгілеп, өзара ынтымақтастық шеңберін анықтады.