«Ақниет» ҚҚ теологы «Жусан» репатрианттарымен теологиялық сабақ өткізді

0
618

«Өңірлердегі түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тетіктерін қамтамасыз ету» әлеуметтік жобасы шеңберінде Атырау облысындағы «Ақниет» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы» ҚҚ өкілдігінің теолог-кеңесшісі Мұхит Меруерт Ахметқызы «УГ-157/11 мекемесі» РММ қылмыстық жазасын өтеп жатқан «Жусан» репатрианттарына «Сукунды нун және тәнуин, идғам» тақырыбында ұжымдық теологиялық on-line сабақ өткізді.Ең алдымен, теолог оқушылардың үй тапсырмасын тексерді. Содан соң, құранды оқу тәсілдеріне көшті. Идғам – бір әріпті келесі әріпке кіргізіп оқу дегенді білдіреді. Идғам өзара екіге бөлінеді: Ғұнналы идғам және ғұннасыз идғам. Ғұнналы идғам: әріптері төртеу. Егер сукунды нун немесе тәнуиннен кейін осы төрт әріптің біреуі келсе, идғам ғұннамен оқылады. Ғұнна деп – дыбысты мұрын арқылы екі харакат мөлшерінде ұстап оқуды айтады.Ғұнналы идғам тек екі сөз арасында ғана болады, яғни бірінші сөздің соңғы әрпі сукунды нун немесе тәнуинді болып, ал екінші сөздің бірінші әрпі идғам әрпі болу керек. «Өңірлердегі түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тетіктерін қамтамасыз ету» әлеуметтік жобасын Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қамқорлығымен «Ақниет» АНОО» ҚҚ іске асыруда.