Барлығы қазақ тілінде сөйлесе, мемлекеттік тілге тез ауысар едік – Смайылов

0
456

Елорданың қоғамдық кеңесінің мүшесі Бауыржан Смайылов  “Атамекен” Ұлттық кәсіпкерлер палатасында кәсіпкерлермен кездесу барысында  айтты.

Конституцияда мемлекеттік тіл-ана тіліміз, орыс тілі- ресми тіл деп жазылған. Біз де қоғамда талқылау мен ұсыныстарды естіп жатырмыз. Конституциядан “орыс тілі ресми тіл екенін алып тастау керек” деген ұсыныстар болғаны да бар. Президентіміз ҚХА сессиясында басқа ұлттың құқығын шектемеу туралы айтты. Әрине, біз өз ана тілімізді дамытуымыз керек. Оған сұраныс тудыру керек,- деді Смайылов.

Оның айтуынша, өзге ұлт өкілдері мемлекеттік тілді білмейді деп сөкпеу керек.

Олар да біздің тілімізді біліп, сөйлесе нұр үстіне нұр болар еді. Біз көпұлтты халықпыз. Мемлекеттік тілдің қажеттілігін арттыруымыз керек. Барлығы қазақ тілінде сөйлеп, қызметті ана тілде көрсетсек, барлығы мемлекеттік тілге тезірек ауысады,- деді ол.