Мереке кезінде теракт ұйымдастырмақ болған екі ер адам ұсталды

0
469

Францияда Рождестволық мерекелер кезінде теракт ұйымдастырмақ болған екі ер адам ұсталды, деп BFMTV телеарнасы хабарлайды.Бұл туралы РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.

«Олар адамдар көп баратын жерлерде кездейсоқ жолаушыларды пышақпен өлтіруді жоспарлаған», — делінген телеарна сайтындағы хабарламада.

29 қараша күні астаналық Иль-де-Франс ауданында 23 жастағы екі жігіт ұсталды.

«3 желтоқсанда оларға айып тағылды, терроризмге қарсы прокуратура бастаған алдын — ала тергеу аясында олар қамауға алынды», — деді тергеуге жақын ақпарат көздері.

Дереккөз: kz.ctc-rk.kz