«ШЫМКЕНТ» МЕДРЕСЕ КОЛЛЕДЖІНДЕ ТАЗАЛЫҚ ШАРАСЫ ӨТТІ

0
19

Бүгін, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Шымкент» медресе колледжінің басшылы мен Жастар ісі жөніндегі жетекшілігінің бастамасымен ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Тазалық-Иманнан» атты тазалық шарасы ұйымдастырылды.

Таразлық шарасы аясында жатақхана, мешіттің іші-сырты мен ауласы сынды орындарда тазалық шаралары жасалды.

Игі шара аясында Шымкент» медресе колледжінің директоры Талғат Әсембай барлық қатысушыларға өз алғысын білдірді.

Айта кетсек, аталмыш оқу орынында тәлім алушы  шәкірттеріміздің жан-жақты һәм білімді болуы үшін көптеген игілікті жобалар жүзеге асырылып келеді. Алла Тағала жұмыстарына сәттілік нәсіп етсін!

ҚМДБ-ның «Шымкент» медресе-колледжінің баспасөз қызметі