«ҰСТАЗ ҰЛАҒАТЫ» АТТЫ КІТАП ЖАРЫҚ КӨРДІ

0
559

Бүгін, Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында дінтанушы-магистр Мұхамеджан Естеміровтың ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшесі, «Сарыағаш» медресе колледжінің директоры қызметтерін атқарған марқұм Әбдусаттар Сманов туралы жазған  «Ұстаз ұлағаты» кітабы жарық көрді.

Кітапқа ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің (2017 жылғы) ұсынысы негізінде әзірленіп, баспаға ұсынылды.

 Кітап үш тараудан тұрады, бірінші тарауда еліміздің танымал тұлғаларының Әбдусаттар Сманов туралы естелік сөздері енгізілген. Ал екінші тарауында Әбдусаттар Шәкірұлының қанатты да ғибратты сөздері, оралымды ойлары берілген.  Соңғы бөлімінде ғалымның ғылыми еңбектері мен аудармаларына орын берілген. Рухани тәрбие – Ихсан ілімі аясында жарыққа шыққа кітап жалпы оқырманға арналған.

Айта кетсек, жуырда ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының қатысуымен Шымкент қаласында жаңадан салынған «Ғалым Әбдусаттар Сманов» атындағы мешіт ашылды.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі