«Ақниет» ҚҚ өкілі «Атамекен» балалар ауылында сөз сөйледі

0
113

Біздің «Атамекен» балалар ауылында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында тәрбиеленушілердің патриоттық сезімдерін нығайту, бұрмаланған діни көзқарастардың қалыптасуын болдырмау және теріс пиғылды діни идеологияны қабылдамауға бағытталған «Жат ағымдардан сақтанайық!» тақырыбында «Ақниет» ақпараттық-насихаттық оңалту орталығының Қызылорда облыстық жетекшісі Жеңіс Әбибуллаұлының қатысуымен дөңгелек үстел болып өтті.«Дін — ұстай алсаң қасиетің, ұстай алмасаң қасіретің», дейді халық дана-лығы. Әуелгі қателік кейін адамның тағдырына айналуы мүмкін. Ең бас-тысы, дін – ақиқаттың, ізгіліктің шырақшысы. Қоғамды бүлікке емес, бірлікке бастаушы ілім. Сондықтан да жат ағымның жақсылыққа апармайтынын білген жөн. Дін — тек намаз оқу емес, ол күрделі ғылым. Ол ғылымды игеру үшін білімнің қажет екені айтпаса да түсінікті, — дей келіп шара қонағы балалардың сұрақтарына жауап берді.Иә, ғасырлар бойы ұстанып келе жатқан ата — бабамыздың дәстүрлі дінін жоққа шығармайық! Ислам діні бейбітшілікті дәріптейтін бірлік діні екендігін ұмытпайық! Дін дегеніміз — ұлы сенім,ғылым анасы. Ал сенім — адамзаттың тірегі. Әрбір ұрпақ келесі өзінен кейінгі ұрпаққа ізетті, игілігі мол жақсы өмір жолын тастап кетуі ләзім екендігін есімізде ұстайық!