КӨШБАСШЫЛЫҚ ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯ

0
493

Көне Өсиет кітабында мынадай тәмсіл бар. Мұса пайғамбар халқын Мысырдан алып шығып, Синай тауының бөктеріне қоныстанады. Шулаған халық Мұсадан «Енді не істейміз?» деп бұйрық күтеді. Былайынша айтқанда, коммуникацияның нақты болғанын қалайды. Мұса не айтарын білмей, Құдайдан аян күтіп, Синай тауының басына барып жатып алады. Бір күн емес, екі күн емес, қырық күн жатады. Көшбасшысыз қалған халық не істерін білмей, әркімді бір тыңдап, әркімге бір сеніп, қолдан Алтын торпақ жасап алып, соған сыйынып кетеді. Бұл әпсана Құранда да бар. Мұса пайғамбар төмен түссе, халық қолдан құдай жасап алған, оны ешкім тыңдамайды. Биліктен айырылып қалған. Билік деген – сенім. Халық Мұсаға емес, Алтын торпаққа, былайынша айтқанда, болмайтын нәрсеге сенеді…Бұл әпсана бізге нені меңзейді?Лидерлік — бұл функциялар жиынтығы. Соның бірі — коммуникация. Мейлі ел басқар, мейлі компания басқар. Мынадай жақсы кейс бар.30-жылдары АҚШ-ты дағдарыс жайлаған кезеңде Франклин Рузвельт радио арқылы тікелей эфир жүргізіп отырған. Ол “Ошақ басындағы әңгіме” (Fireside chats) деген атпен танымал болған радио бағдарлама 1933 жылдан 1944 жылға дейін эфирден түспеген.Ол кезде теледидар көп үйде жоқ. Коммуникация құралдарының қазіргідей дамымаған кезі. Миллиондаған адам радиоға құлақ түріп, күтіп отыратын болған. Тарихшылардың айтуынша, Рузвельттің радио арқылы жағдайды баяндап отыруы ақпараттық вакуумге жол бермей, Американың дағдарыстан жылдам шығуына әсер етіпті. Себебі дағдарыс кезінде халық лидерге құлақ түреді. Қазір бізде де президенттің әр сөзін елдің күтіп жүргені содан. Лидерден негізгі үш функциясын атқарғанын қалайды: бағдарлау, қорған болу, тәртіп орнату. Оған қоса, ақпаратың ғасырында адамдардың ақпаратқа деген қажеттілігі күрт артып кетті. Телефон қарап, жаңалық оқымасақ, ас батпайтын күйге жеттік.Одан бөлек, ақпарат каналдары да көбейді. Демек ақпаратты бұрмалау, фейк тарату да күрт артқанын көріп отырмыз.Осындайда көшбасшылық коммуникацияның маңызы жоғары. Коммуникация мамандары табыстылықтың 60 пайызы коммуникацияға байланысты екенін айтады (успех на 60% зависит от коммуникации) Осы тұрғыдан алғанда президенттің берген сұхбаттары, баяндамалары қазіргі уақытта өте маңызды. Әсерлеп айтсақ, елдің тұтастығы мен ауызбірлігі үшін ауа мен су сияқты физиологиялық қажеттілік десек те болғандай.