Дін мамандарының біліктілігін арттыру жалғасуда

0
412

Атырау облысы Жылыой аудандық орталық мешітінде онлайн және офлайн форматта 1 аптаға созылатын біліктілікті арттыру семинары басталды.

Семинардың алғашқы Ақида дәрісіне Жылыой ауданындағы мешіттердің имамдары, ұстаздары және молдалар қатысты. Дін қызметкерлеріне дәрісті ұстаз Бағдат Алауадинов өткізді.

Айта кетейік, ақида (сенім тіректері) ғылымы – Ислам дінінің негізі. Ақида мұсылмандарды дұрыс емес түрлі сенімдерден сақтайды, мұсылмандардың бірлігі мен ынтымағын қамтамасыз етеді.