“Ырыс алды — ынтымақ” атты Қазақша күрестен жарыс болып өтті

0
436

Шымкент қаласы бойынша өкілдігі. Спорт ісі секторы Еңбекші аудандық “Әл Білал“ мешітінің ұйымдастыруымен мешіт жанындағы Құран жаттау курсында тәлім алып жатқан шәкірттер арасында “Ырыс алды- ынтымақ” атты Қазақша күрестен жарыс болып өтті. 30 шәкірт бақ сынады Жүлделі шәкірттерге аудан бас имамының алғыс хаты арнайы сыйлықтармен марапатталды. Айтулы іс-шараға Еңбекші аудандық Әл-Біләл мешітінің Найб имамы Ғабит Әбдіғаппарұлы және Іс басқарушы Нығмет Талғатұлы, ұстаз Абдусамат Әшімжан қатысты.

Шымкент қаласы орталық мешітінің баспасөз қызметі