Қасиетті үш айға арналған игі іс-шара өтті

0
499

Ислам – ынтымақ және бірлік діні» жылы аясында Өскемен қаласы «Мұхамади» мешітінің ұйымдастыруыен «Қош келдің, қасиетті үш ай!» атты іс-шара өтті. Тәлімдік шараға «Асыл әжелер» мектебінің әжелері, жастар, қыз-келіншектер, шәкірттер қатысты.

Өскемен қаласы «Мұхамади» мешітінің бас имамы Ибраһим Қарнақбайұлы: «Асыл дінімізде мүбәрак саналған үш айға келіп жеттік. Олар Ережеп, Шағбан және Рамазан айлары. Алла Тағала жыл он екі ай ішінде қасиетке толы айлар, күндер  мен түндерді айқындап көрсетіп берді. Сондықтан бүкіл мұсылман қауымы үшін қасиетті болғандай, осы айлардың сауабынан құр қалмай, шамамамыз келгенше құлшылық-ғибадатымызды көбірек орындауымыз қажет» деп атап өтіп, шараның маңыздылығына тоқталды.

Бас имам сонымен қатар қасиетті үш айда жасалатын құлшылықтар жайлы айтып, асыл дініміздегі ынтымақ пен бірлік тағылымын талдап түсіндірді. Жиында көп жасаған ақ самайлы әжелер ұлттық құндылықтардан, ұрпақ тәрбиесіне қатысты тұщымды ойларын ортаға салып, қазақтың келіндері және қыздар тәрбиесінен ғибратты насихат айтып, өмірлік тәжірибелерін бөлісті.