«Өңірлерде түсіндіру және сауықтыру жұмыстарының бірыңғай тетіктерін қамтамасыз ету» жобасы аясында Батыс Қазақстан облысындағы «Ақниет» ҚҚ өкілдігінің теолог-маманы Данаева Назгүл Медерқызы «Ғибадат дегеніміз не, ғибадаттың түрлері, дәрежелері, пайдалары» тақырыптарында теологиялық дәрістер өткізді. Дәрістер аталған облыстағы «Ақниет» ҚҚ өкілдігінің офисінде болды.Кездесу — ойы жүйрік, танымдық деңгейі жоғарылатуды, дарынын ашуды, зеректік қабілетін дамытуды, өз ойын дәл, тез, жүйелі жеткізе білуге дағдыландыруды және тұлғалық және тұлғааралық қатынастарды қарастырады. Кездесу — білімге деген құштарлыққа, ізденімпаздыққа танымдық ойын арқылы жетелеуді, білімдерін, қаншалықты білетіндіктерін тексере отырып ойын барысында жағдайды жеке аяқтау тәсілін жасау ұсынылады. Кездесу — өз ойын тез тұжырымдай білуге, жылдам, дұрыс шешім қабылдай білуге және ұжым намысын қорғау үшін қалай әрекет ету керектігі туралы ой қозғау. Ғибадат — Аллаһқа тағызым етіп, құрмет көрсету және оның бізге берген шексіз нығметтері үшін алғысымызды білдіру. Ғибадат — рухымызды жоғарлатады, мінез — құлқымызды кемелдендіреді, әрі ең қымбат байлығымыз болған — иманымызды қорғайды.Кездесудің пайдасы1. Қатысушылар жылдам шешім қабылдай алуға, білімге деген қызығушылықтарының дамуы.2. Сайыскерлердің ой-өрісін ширату мақсатында мазайкалар құрастыруға беріледі. Сол кезде басқа адамдардың құрастыруына байланысты басқаларға қарағанда өзін қалай ұстайтындығы туралы түсініктің пайда болуы.3. Сұрақтарға жауап беру арқылы көптеген жаңа мәліметтерді үйренеді. Бұл үйренудің және тәжірибе жинаудың тиімді әдістерінің бірі.4. Көп жағдайда интелектуалды ойындар білім мен дағдыларды сіңірудің салыстырмалы түрде ауыртпалықсыз және жағымды әдісін ұсынады.5. Топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтей білуге дағдылану.Осы ретте қатысушыларға діни тұрғыдағы адамның бір-бірімен қарым-қатынас туралы түсіндірмелі жұмыс жүргізіліп, топаралық пікірталас орын алды.«Өңірлердегі түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тетіктерін қамтамасыз ету» әлеуметтік жобасын Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қамқорлығымен «Ақниет» АНОО» ҚҚ іске асыруда.

От haqjoly.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *