Зайырлылық және оның сипаттамасы

0
600

Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабының 1-тармағында «Қазақстан Республикасы өзін зайырлы, ашық, құқықтық мемлекет ретінде орнықтырады» делінген. «Зайырлы» ұғымы мемлекеттің барлық салаларда, соның ішінде дін саласында да ашық, айқын саясат ұстанатынын, азаматтардың ар-ождан бостандығын қамтамасыз ететінін, діннің мемлекет саясатына араласпайтынын білдіреді. Яғни зайырлылық – дінсіздік немесе дінді терістеушілік емес, ол – мемлекеттің діни емес, құқықтық қағидаттармен басқарылуы.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Зайырлы мемлекет пен қоғам бұл – біздің тарихи таңдауымыз. Зайырлы атеистік дегенді білдірмейді. Зайырлы дегеніміз бұл – озық, толерантты, ашық қоғам. Біз дәстүрлі діндерге қолдау көрсетіп, кез келген экстремизм түрін үзілді-кесілді мойындамаймыз» деп атап көрсетті

«Зайырлы» сөзі қазақ тіліне «ашық», «айқын», «сыртқы» деген мағыналарды білдіретін араб тіліндегі «захири» сөзінен енген. «Зайырлы» ұғымы латын тіліндегі «laicus» («лаицизм»), «saecularis» («секуляризация») сөздерімен үндеседі. «Саясаттың діннен оқшаулануы, оның табиғи-тарихи үрдіске айналуы» деген мағына береді.

Зайырлы мемлекет – азаматтардың дін ұстану еркіндігі мен діни мекемелердің мемлекеттен бөлінуін білдіреді. Дін мемлекеттік саясаттан тыс. Қазақ елінде мемлекеттік деңгейдегі ресми дін жоқ. Конституция бойынша діни партия құруға жол берілмеген. Мемлекеттік органдар Конституция негізінде салалық заңдарды басшылыққа алып жұмыс істейді. Қазақстанның әр азаматы ұждан бостандығын пайдаланады. 

Қазіргі Қазақстандағы діннің жағдайы авторитарлық, тоталитарлық және теократиялық басқару жүйесі бар мемлекеттердің түбірінен өзгеше. Конфессияаралық бейбітшілік пен келісім көпұлтты, көп тілді және көпконфессиялы Қазақстан үшін күрделі мәселе.

Зайырлылық – кәрі құрлық Еуропада бір мағына беретін термин болғанымен, латын тарихының жалғасы болып табылатын елдерде (Жерорта теңізі жағалауындағы Рим империясы территориясында пайда болған елдер Италия, Франция т.б.) «зайырлылық» деп аталса, ал протестанттық мәдениетті сіңірген Герман, Англо-саксондық елдерде (Германия, Ұлыбритания, АҚШ т.б.) «секуляризм» ретінде қабылдаған.

Түркиялық ғалым, доктор Дурмуш Ходжаоғлу: «Зайырлылық – батыс дүниесінің ұзақ қалыптасып, баяу орныққан тарихи және мәдени төлі», – дейді. Сонымен қатар зайырлылық – Түркияға Француз мәдениетімен, оның ішінде латын-католик тамырынан нәр алған, қатал түрінен кіргендігін айтады. Әрі секуляризмге қарағанда зайырлылық термині дінге қарсы қатал позиция ұстанып, атеизмге барынша жақындағандығын да атап өткен.

Қазіргі заманда көп мемлекеттердің конституциясында былай деп айтылады: дін мемлекеттен бөлінген, яғни, дұрысы мейлі ол халыққа болсын, мейлі ол жеке адамға қатысты болсын, өмір жүйесін дінсіз орнату. Зайырлық екі түрлі болады:

Бірінші орташа зайырлық – бұл жүйе діни емес қоғамдарда кәдімгі демократия елдерінде болып жатыр. Бірақ дінге зияны жоқ. Алланың барлығын шығармайды. Олардың көзқарасында дін адам мен Жаратушының арасында деп есептейді, яғни дінді олар өте қысқа ұғым деп санайды.

Екінші экстремистік зайырлық – бұл дінге қаупі бар кәдімгі коммунизм қоғамындағыдай түсінік. Мысалы тарихшы, ағарту қозғалысының мүшесі Питер Джай өзінің кітабында бұл, жаңа заманның пұтқа табынушылғы деп айтқан. Еврей, құдайсыз атеизм психонализмнің негізін қалаушы осыны түсіндіргенде былай дейді: «Зайырлық деген оның ешқандай дінге қатыс жоқ, тіпті дінге қарсы жойқын күрес ашуға дайын» деген. Тіпті ол өзінің кітабында зайырлық және атеизм екеуі егіз деп келтіреді, түсіндіреді.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының ІІ съезінде сөйлеген сөзінде.

Сондықтан «дін мемлекеттен бөлінгендігі» биліктің дінге бейтарап қарауы емес, зайырлылықтың бұл ұстанымына сай – дін саясатқа құрал болмауы үшін мемлекеттік билік пен діни биліктің ажыратылуы. Біздің елімізге лайықты зайырлылық концепциясы қазақ халқының жүріп өткен тарихымен тығыз байланысты болуға тиісті. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында көтерілген өзекті мәселелер әлемдегі жаңа тарихи кезеңнің дүбірлі үдерістеріне көш түзеп, біртұтас ұлт ретінде қадам басуымызға бағыт сілтеген. Санадағы таптаурындардан арылу, жаһанданудың дауылына төтеп бере отырып, жаңғырудың жағымды жақтарын қолдана білу.

Оның басты шарты:

«Әжептәуір жаңғырған қоғамның өзінің тамыры тарихының тереңінен бастау алатын рухани коды болады. Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу» деп ұсынылуы және оның себебі «Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды» деп тұжырымдалуы  ұлттық  идеологияның өзектілігі арта түсуінің тағы бір куәсі. Мақалада «ұлттық бірегейлікті сақтау мен Ұлттық жаңғыру деген ұғымдарды ұштастыра отырып, оның өзін ұлттық сананың кемелденуінің шарты» деп тұжырымдап: «Оның екі қыры бар. Біріншіден, ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту. Екіншіден, ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, оның бірқатар сипаттарын өзгерту» деп түйіндейді.

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын
ұйымдастыружәне үйлестіру
бөлімінің басшысы Қ.Салықбаев