Скандинавия елдері Құран өртеуден жарысқа түсті

0
254

Швецияның ізін ала тағы бір скандинавиялық ел – Данияда соңғы 3 күннің ішінде екі рет Құран өртелді. Кеше “Дат патриоттары” деп аталатын әсіреұлтшылдар ұйымы Копенгагендегі Ирак елшілігі алдында Құран өртеу акциясын өткізді. Одан бұрын өткен сенбіде олар әлеуметтік желіде тікелей эфирде қасиетті кітапты өртеген болатын. “Дат патриоттары” ұйымы бұған дейін де исламға және мұсылман елдеріне тіл тигізіп жүрген топ. Бұрын олар Копенгагендегі Түркия елшілігі алдында түрік туы мен Құранды қорлаған болатын.

Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: Скандинавия елдері Құран өртеуден жарысқа түсті | Қазақстандағы Ислам