ЖАНТ мүшесі шәкірттерге дәріс берді

0
424

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Шымкент» медресе колледжінің бітіруші түлектеріне  «Шариғат және пәтуа беру мәселелері» атты семинары ұйымдастырылды.

Рухани сеинарға  ЖАНТ мүшесі. Қаратау ауданы «Аңламас ата» мешітінің бас имамы, қалалық «Шариғат және пәтуа» саласына жауапты Исламқұл Иманқұлұлы арнайы қатысып,  шәкірттерге дәріс оқыды.

Семинар барысында болашақ дін қызметкерлеріне шариғат және пәтуа беру мәселелері мен оның жауапкершілігі туралы кеңінен түсіндіріп берді. Сондай-ақ, шәкірттерге ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің атқарып жатқан жемісті жұмысытары туралы таныстырды. 

 Семинар барысында аталмыш оқу орынның директоры Талғат Әсембай қалалық «Шариғат және пәтуа» саласына жауапты Исламқұл Иманқұлұлы алғыс айтып, ризалық білдірді.