«Азан және Қирағат» орталығы ашылды

0
350

ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасына сәйкес, Шымкент орталық мешітінде «Азан және Қирағат» рухани орталығы ашылды.

Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет Абдрахманов арнайы аталмыш орталық жұмысымен танысып,  әрі қарай жетілдіру туралы нақты міндеттемелер жүктеді.

 «Негізгі мақсат —  мешіт мұнарасынан күніне бес рет айтылатын азан әуені мен тәжуид-қирағатын дұрыстап, ретке келтіру болып саналады. Азан тарихы мен ережесін түсіндіру және азаншының міндеттері сынды қажетті ақпараттар беріледі», — деді  найб имам Мұхамеджан Естеміров.

 Аталмыш орталықта Шымкент орталық мешітінің ұстазы, әйгілі Әл-Азһар университетінің түлегі Нұрсұлтан қари Мемедалиев, Мейірбек қари Сәрсенбаев, Дәулет Түленовтар дәріс береді.

Айта кетсек, Шымкент қаласына бойынша 89 мешіттің 260-тан астам қызметкерлер аталмыш «Азан және Қирағат» рухани орталыққа келіп азан үйрену бойынша қысқа мерзімді курсқа қатысып, тағылымдамадан өтетін болады.