Діни экстремизм мен терроризм идеяларынан алшақтау мақсатында семинар ұйымдастырылды

0
378

«Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 22 ақпандағы №814 Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.Оның ішінде, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің 6-тармағының 7) тармақшасында көрсетілгендей: «Мемлекеттік қызметшілер жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілер мен өзге де адамдардың қызметіне ықпал ету үшін қызметтік жағдайын, сондай-ақ онымен байланысты мүмкіндіктерді қоғамдық және діни бірлестіктердің, басқа да коммерциялық емес ұйымдардың мүдделерінде, оның ішінде оларға өзінің көзқарасын насихаттау үшін пайдаланбауға тиіс». Сондай-ақ, осы Кодекстің 8 тармағының тармақшасында: «Мемлекеттік қызметшілер әріптестерімен қызметтік қарым-қатынаста әріптестеріне өзінің діни нанымдарын таңбауға, қол астындағы қызметшілерді қоғамдық және діни бірлестіктердің, басқа да коммерциялық емес ұйымдардың қызметіне қатысуға мәжбүрлемеуге тиіс» — делінген. Осы мақсатта 03.03.2022 жылы Шымкент қаласының қаржы басқармасы мемлекеттік қызметшілерінің қатысуымен Шымкент қаласы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің маманы И.Айтаевпен бірлесе отырып, зайырлылық таным, деструктивті діни ағымдардың салдары, діни экстремизм мен терроризм идеяларынан алшақтау мақсатында семинар ұйымдастырылды.Сонымен қатар жиында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында жүргізіліп жатқан реформалар туралы баяндалып, сыбайлас фактілері туралы хабарлаған азаматтарды көтермелеу жайы таныстырылды.Семинар барысында тақырыптар ашылып, қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.