«Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 22 ақпандағы №814 Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.Оның ішінде, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің 6-тармағының 7) тармақшасында көрсетілгендей: «Мемлекеттік қызметшілер жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілер мен өзге де адамдардың қызметіне ықпал ету үшін қызметтік жағдайын, сондай-ақ онымен байланысты мүмкіндіктерді қоғамдық және діни бірлестіктердің, басқа да коммерциялық емес ұйымдардың мүдделерінде, оның ішінде оларға өзінің көзқарасын насихаттау үшін пайдаланбауға тиіс». Сондай-ақ, осы Кодекстің 8 тармағының тармақшасында: «Мемлекеттік қызметшілер әріптестерімен қызметтік қарым-қатынаста әріптестеріне өзінің діни нанымдарын таңбауға, қол астындағы қызметшілерді қоғамдық және діни бірлестіктердің, басқа да коммерциялық емес ұйымдардың қызметіне қатысуға мәжбүрлемеуге тиіс» — делінген. Осы мақсатта 09.03.2022 жылы Шымкент қаласының қаласының цифрландыру басқармасы мемлекеттік қызметшілерінің қатысуымен Шымкент қаласы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің маманы И.Айтаевпен бірлесе отырып, зайырлылық таным, деструктивті діни ағымдардың салдары, діни экстремизм мен терроризм идеяларынан алшақтау мақсатында семинар ұйымдастырылды.Сонымен қатар жиында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында жүргізіліп жатқан реформалар туралы баяндалып, сыбайлас фактілері туралы хабарлаған азаматтарды көтермелеу жайы таныстырылды.Семинар барысында тақырыптар ашылып, қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.
үй Жаңалықтар Зайырлылық таным, деструктивті діни ағымдардың салдары, діни экстремизм мен терроризм идеяларынан алшақтау...