ҚР АҚДМ Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов Шымкент қаласына іссапары аясында Түркістан облысы Сайрам ауданының бас имамымен және Сайрам тұрғын үй кешенінде ҚМДБ Шымкент қалалық өкілдігінің имамдарымен, сондай-ақ «Жусан» операциясы бойынша елге қайтарылған әйелдермен және оларды оңалту жұмыстарымен айналысатын «Ақниет» қоғамдық қорының өкілдерімен кездесті.

Кездесу барысында өңірде жүргізіліп жатқан дін саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарын жүргізуде жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану, мемлекеттік-конфессиялық және конфессияаралық қатынастар және әртүрлі конфессиялық топтар арасындағы қатынастарды реттеу мәселелері талқыланды.

Өзара пікір алмасу барысында Шымкент қаласы бойынша, дін саласы бағытында атқарылып жатқан іс-шаралар мен Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатын іске асыру жөніндегі 2021–2023 жылдарға арналған кешенді жоспарының орындалу барысын талқылады.

От haqjoly.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *