Діни фанатизм –қауіпті факт

0
285

Діни фанатизм – бeлгілі бір діни қағидаларға баc ұрып, coған тәуeлді бoлуды білдірeді.Неміс философы Карл Яcпeрcтің пікіріншe, фанат дeгeніміз-өзін қандай да бір міндeткe арнаған жәнe көзі oдан баcқа eштeңeні көрмeйтін жан. Oл өз мақcатына жeту үшін бeйcаналы түрдe қoлында бардың бәрімeн тәуeкeл eтугe даяр.Қазақ халқы дінге деген байыпты ұстанымымен ерекшеленген халық. Біздің ұстанған жолымызда дін мен салт-сана өзара үйлесім тауып, сабақтасқан.Тарих беттерін парақтап қарайтын болсақ, қазақ жерінде діни негіздегі қақтығыстардың болмағанын көреміз. Ал бұл күндері өз идеяларын абсолютті ақиқат ретінде санаушы дәстүрлі емес діни ағымдардың әсерінен діни негіздегі бөлінушілік көбейе түсті.Деструктивті топтардың кері бағыттағы идеялары әсерінен Қазақстанның діни алаңында фанаттар қатары пайда болды.

Діндер – бүгінгі таңдағы әлемдегі ұлтаралық тұтастықты нығайтудағы басты фактор. Сондықтан діндерден қайшылықтарды емес, керісінше, ортақ белгілер мен қағидаттарды, ортақ негіздер мен ортақ құндылықтарды, біріктіруші бастауды іздеуге міндеттіміз. Айта кету керек, Қазақстан діни толеранттылық пен конфессияаралық келісім ісінде игі дәстүрлерге ие.Қазақ жері көне заманнан бері сан алуан мәдениеттер мен діндердің тоғысу мекені болған.

 Діни фанатизм араб тілінде «таассуб» деп аталады. Араб тілінде есі ауысқан, жынды болған адамды «асаби» деп атайды. Таассуб діни фанатизмнің шегі. Егер бір мешітте сопы, тариқатшы, сәләфилік бағытты ұстанушы, таблиғшы т.б. діни жамағаттарға діни үкім, қағида негізіндегі бірлігін,әуелгі заңды ақиқатқа алып баратын жолды мойындап, ынтымақ бірлікке нұқсан келтірмей бірге намаз оқитын болса, онда ол діни психологиялық тұрғыдан дұрыс ұстанымды, бір ақида, бір ғибадаттық бағыт орнатуға мүмкіндік беруі мүмкін.

 Ал егер жамағат болып бөлініп, әр жамағаттың өз мешіті болып бөлініп жатса, онда ол жерде берекенің кеткендігінің белгісі ғана емес көп ұзамай-ақ айрандай ұйыған елдің ұйытқысы, қасиетті, киелі ұғымтүсінігін бұзып, елді, ұлтты, мемлекетті қасиетті түсінігі мен бірлігінен айырып, құрдымға жіберетін аса қатерлі қадам деп білу әр бір азаматқа міндет. Бұндай «таассуб» діни фанатизмнің шарықтау шегі.

Дегенмен, осы жамағаттың барлығы қандай да бір діни рәсімдерді орындау кезінде дін тегі мен оның үкім-қағидалық негіздерін түсінуұғыну талаптарында елімізде ежелден орныққан діни ұстаным мен оған бастау алатын салт-дәстүр ұстанымдары мен аһли сунна уал жамағатының Абу Ханифа мазхабы бойынша елімізде орныққан діни үрдістерімізді терістемей аталған мазхаб бойынша күллі Қазақстан мұсылмандарының басын қосып отырған ҚМДБ-ның имампәтуәгерлерінің шешім қарарларын мойындайтын болса, дұрысын айтқанда, солай етуге олардың білік білімі, пайым-парасаты, ой-өрісі, қарым-қабілеті жететін болса, онда бірте бірте кейбір орын алған келеңсіз жағдайлар біздің елден іргесін аулақ салары анық.

 Егер ондай ұғым түсінік, діни пайымпарасаттың негіздері мен мақсатын олар қабылдауға қабілетсіз болып қала беретін болса не болады? Қорқынышты! Жалпы айтқанда діни фанатизм кез келген айрандай ұйып отырған елдің ойранын шығарып, араға жік туғызып кетуі әбден мүмкін. Осы себепті зайырлылық принципі бүгінгі заманның, әсіресе мұсылман қауымы арасында ислам ілімінің мол рухани қорын жаңа тәсілмен таратудың, түсіндірудің кепілі демек ұлттардың ұлы өркениеттер көшінен қалмай өсіп-өнуінің ең тиімді жолы деуге болады.

 Сондықтан кейбір діни мәселелерде мемлекеттің дінге араласуы халықаралық аталмыш мәселеге қатысты ұйымдар арасында келісім болуы құптарлық деп есептеймін. Ондай араласу белгілі бір діни топтың мүддесін қорғау, жақтау немесе даттау дегенді білдірмейді. Қорыта айтқанда көптеген араздықтар мен дұшпандықтардың басты себебі ретінде діни дүмшелік, дінді толық түсінбеуді айтуға болады.

Сондықтан да Елбасымыз: «Біз діни фанатизм мен діни дүмшеліктен қатар сақтануымыз керек» – дейді. Біздің пікірімізше, діни фанатизмге апаратын да діни дүмшелік болса керек. Сондықтан дінді ұстанушылар діннің тек сыртқы шарттарын ғана емес, рухани кемелдік қағидаларын, адамгершілік ұстындарын да қатар меңгергені дұрыс.